jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бүгін кешкі сегіз жарымда жарықты сөндіріңіз": Экология министрлігі тұрғындарға маңызды үндеу жасады

Жарық
Жарық. Көрнекі фото: Рixabay.com

Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми Telegram арнасында қазақстандықтарды 22 наурыз кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті қазақстандықтар!

22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді!

Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам жарықты және электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.

️Сіздерді "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырамыз!

Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз — себебі табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады.

️Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады", - делінген министрлік хабарламасында.

"Бүгін кешкі сегіз жарымда жарықты сөндіріңіз": Экология министрлігі тұрғындарға маңызды үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.