Зектілері

Қазақстанда кімдер заң көмегін тегін ала алады

Жарияланған күні:

Адвокат
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда заң қызметтерін тегін алу мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндік елімізде қай санаттағы адамдарға берілгенін Kazinform назарға ұсынды.

Азаматтар мемлекет кепілдік берген заң көмегін мынадай мәселелер бойынша алуға құқығы бар:

— Физикалық тұлғалар:

  • Алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, реабилитация, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша;
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар;
  • Жыныстық зорлық-зомбылыққа, адамдар саудасына, терроризм актілеріне ұшырағандар немесе азаптауға тап болған адамдарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша;
  • Асыраушыдан айырылғандарға, жұмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан денсаулығына зиян келтірілгендерге қатысты мәселелер бойынша;

— Арнайы санаттар:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер, басқа мемлекеттерде әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, мерзімді әскери қызметте болғандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі барлар, зейнеткерлер (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);
  • Көпбалалы отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);
  • Кедейшіліктің шегінен төмен табысы бар азаматтар мен отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша).

Сотта тегін қорғау және өкілдік ету

Мемлекет сондай-ақ сотта, қылмыстық қудалау органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ақысыз заңдық қорғауды және өкілдік етуді келесі жағдайларда қамтамасыз етеді:

  • Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға;
  • Азаматтық істерде талапкер мен жауапкерге, сондай-ақ әкімшілік соттардағы талапкерлерге;
  • Қылмыстық істер бойынша күдікті, айыпталушы, сотталушы, ақталған және жәбірленуші тараптарға.

Қазақстанда мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар азаматтар тұрғылықты жеріне және жүрген жеріне қарамастан өтініш бере алады. Сондай-ақ заңды көмек көрсету туралы өтінішті заңды өкілдер олардың атынан беруге құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230085-qazaqstanda-kimder-zang-komegin-tegin-ala-alady/