jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Павлодар облысында өткен бәйгеде 16 жастағы шабандоз аттан құлап, жарақат алды

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодар облысы Ақсу ауданы Қызылжар ауылында өткен бәйгеде 16 жастағы шабандоз аттан құлап, жарақат алды. Жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, оған жедел операция жасалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

IrbisTV тілшісінің хабарлауынша, Қызылжар ауылында өткен Құнан бәйге кезінде 16 жастағы жасөспірім мінген жылқы үркіп, жарық бағанына соқтығысқан. Салдарынан бозбала құлап, жарақат алған. Ол шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"2008 жылы туған бала бас-ми жарақатымен келіп түсті. Оған ота жасалып, бірқатар емдеу шарасы жүргізілді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - деп хабарлады Ақсу әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті оқиғаға себеп болған жағдайларды жоюды талап етіп, жергілікті атқарушы органға ұсыныс жолдаған.

Еске сала кетейік, 22 наурызда Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мейрамына орай жиналған жұртты асау ат таптап кете жаздады. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Павлодар облысында өткен бәйгеде 16 жастағы шабандоз аттан құлап, жарақат алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.