Зектілері

Таза Қазақстан: тараздықтар "Денсаулық" саябағын қоқыстан тазартты

Жарияланған күні:

Тараз
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Таразда Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күніне орай бірқатар саябақтар мен көшелерде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Облыстық жастар ресурстық орталығының және "Жасыл ел" еріктілер жасағынан 50-ден аса жас жиналып, "Денсаулық" саябағындағы арық-атыздар мен жолдағы күл-қоқыстарды тазалады.

тазалық
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Айта кетейік, Жамбылда наурыз-сәуір айларына жоспарланған 10,9 мың тал ағаштарын отырғызу, 17 мың шаршы метр гүлзарлар мен 5,7 мың шаршы метр көгал орналастыру, 803,8 шақырым арық жүйелері мен каналдарды тазалау, 2 781 шақырым көше жолдарын, 668 140 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 5,0 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230250-taza-qazaqstan-tarazdyqtar-densaulyq-saiabagyn-qoqystan-tazartty-foto/