jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Риддерде жас босанған ана қошқар көтеру сайысында ерлерді шаң қаптырды (видео)

Қошқар көтерген Айым Нұржанова
Қошқар көтерген Айым Нұржанова. Фото: Жеке мұрағаттан

Риддер тұрғыны Айым Нұржанова Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқар көтеру сайысына қатысып, сайысқа қатысқан ерлерді шаң қаптырды. Ол қошқарды 100 рет көтерген, деп хабарлайды NOKS.KZ басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 жастағы Айым қошқар көтеруден 100 мәрте отырып-тұрып, жеңімпаз атанды. Жақында ғана ана атанған риддерлік тұрғын "бұл мен үшін айтарлықтай жетістік емес" деп отыр.

"Мен үшін бұл таңғаларлық жетістік емес. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін. Онда күштік жаттығуларға көбірек мән беріледі. Үнемі штангамен жаттығуға тура келеді. Жақында ана атандым. Бірақ спорттық қабілеттерім әлі бар. Жеңіске жетуге сол қабілеттерім себеп болды", - дейді ол.

Жеңімпазға бас жүлде ретінде өзі көтерген қошқар сыйға тартылды.

Риддерде жас босанған ана қошқар көтеру сайысында ерлерді шаң қаптырды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.