"Жел екпіні секундына 18 метрге жетеді": ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Опубликовано:
24 наурызда Алматы тұрғындары мен қонақтары таулы аймаққа бармағаны дұрыс. Алматы қаласы ТЖД қалада күн райы бұзылатынын ескертіп, халықты тауға шықпауға үндеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы ведомство өкілдері Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Алматы қаласының ТЖ департаменті "Қазгидрометтің" дабылды ескертуінің негізінде 24 наурызда Алматыда күндіз қатты жауын-шашын жауатынын, найзағай соғатынын, сондай-ақ найзағай кезінде солтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай жел соғып, жел екпіні секундына 18 метрге дейін жететіні туралы хабарлайды.
Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел соғатыны туралы ескерту жарияланған жағдайда таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, 24-25 наурыз аралығында Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматы қаласына іргелес аумақтарда нөсер жауады деп болжады. "Қазгидромет" мәліметінше, қатты жауын-шашын әсерінен көлбеу ағын пайда болуы мүмкін және өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Бұл судың арналардан шығу және су басу қаупін туғызады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2230317-zhel-ekpini-sekundyna-18-metrge-zhetedi-tzhd-almaty-turgyndaryna-eskertu-zhasady/