jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Судың таралуына жол бермейді": Қостанай облысында жолшылар тасқынның алдын алу үшін ерекше тәсіл қолданып жатыр

бөгетті орнатып жатқан адам
Бөгет. Видеодан кадр: t.me/qazavtojol

Қостанай облысында тасқынның алдын алу үшін су толтырылатын бөгеттер қолданылып жатыр, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай облыстық филиалының жолшылары "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының (211 км) және "Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Сарыкөл – Қостанай" автожолының (689–690 км) учаскелерінде су тасқынының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізген.

Олар жолдарды су басудан қорғау мақсатында арнайы су толтырылатын бөгеттер орнатқан.

Жолшылардың айтуынша, су толтырылатын бөгеттердің негізгі артықшылығы оларды жылдам орнатуға болады әрі тасымалдау да оңай.

"Су толтырылатын бөгет – ұзындығы 25 метр, биіктігі 1,5 метр болатын су өткізбейтін берік материалдан жасалған арнайы қорғаныс құрылымы. Құрылым ішіндегі арнайы саңылаулар арқылы су немесе ауа толтырылғаннан кейін, ол ауыр әрі тұрақты қалыпқа келеді. Мұндай бөгеттер судың таралуына жол бермей, кедергі жасайды.

Су тасқыны қаупі жойылғаннан кейін бөгет ішіндегі су немесе ауа шығарылып, құрылым бүктеліп, келесі қолдануға дейін сақтауға қойылады", - дейді жолшылар.

"Судың таралуына жол бермейді": Қостанай облысында жолшылар тасқынның алдын алу үшін ерекше тәсіл қолданып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.