jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Күн суытып, жауын-шашын түседі: синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды

Ауа райы болжамы
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алдағы күндері Қазақстанға келетін антициклон әсерінен кей өңірлерде күн қатты суытады. Оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн райын антициклон айқындайтын болады, сол себепті жауын-шашын болмайды деп күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Кей аудандарда тұман мен жел күшейеді.

Ал ауа температурасы елдің батысында түнде - 5 градус пен + 5 градус арасында, күндіз 10-18 градус жылы болады деген болжам бар.

Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус аяз, күндіз 7-15 градус жылы болады деп күтіледі.

Синоптиктер солтүстікте ауа температурасы түнде 0-10 градус аяз, күндіз 5-13 жылы болады деп болжап отыр.

Елдің орталығында түнде термометр бағаны 2-14 градус аяз бен 7-1 градус жылылықты көрсетеді, күндіз 5-10 градус жылы, кей жерде 10-15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Шығыста түнгі температура 5-25 градустан 0-15 градусқа дейін, күндіз 0-10 градустан 5-15 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде температура - 5 градус пен + 5 градус аралығында болса, күндіз 5-13 градус жылы болады деп күтіледі.

Күн суытып, жауын-шашын түседі: синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.