Қадір түнінде Астанада тегін автобустар жүреді
Жарияланған күні:

26 наурыздан 27 наурызға қараған түні Астанада тұрғындарды мешіттерден тегін қатынайтын арнайы автобустар жүреді, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Қосымша көлік 22:00–ден бастап қатынайды, автобустың соңғы жүретін уақыты — таңғы 04:00–де. Автобустар қала тұрғындарының ыңғайлы жүруін қамтамасыз ете отырып, қаланың аталған аудандарына жеткізу үшін қатынайтын болады.
Арнайы көлік қозғалысының маршруттары:
"Республикалық Бас мешіт" мешіті — Целинный шағын ауданы, «Есу каналы» аялдамасы және Республика даңғылы.
"Әзірет Сұлтан" мешіті — "Спутник" супермаркеті, Теміржол вокзалы және Көктал-1,2 тұрғын алабы.
"Әбу Насыр Әл-Фараби" мешіті — "Көктал-1,2" тұрғын алабы, Теміржол вокзалы және Медициналық колледж.
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешіті — "Көктал-1,2" тұрғын алабы және Киричный тұрғын алабы.
"Рахымқызы Райса ана" мешіті — автобустар "Рахмет" сауда орталығы.
" Қосымша маршруттарды іске қосу жолдарда кептеліс болуына жол бермейді және елорданың барлық тұрғыны үшін қолайлы қозғалысты қамтамасыз етеді", — делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2230793-qadir-tunine-orai-astanada-tegin-avtobustar-zhuredi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде