jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі": қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

Лифт батырмасы
Лифт батырмасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектептің 6-сынып оқушысы Нұрсері Айтжан адам өмірі үшін қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты, деп хабарлайды Kazinform.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстандағы әрбір төртінші лифт қауіпті. Олардың көбі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді. Жалпы лифттің қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Қызылордалық оқушының жобасында қауіпсіздік мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.

"Қазіргі лифт тростары өте әлсіз, үзіліп кетсе, адамды аман алып қалу мүмкін емес. Сондықтан оған автокөліктегі сияқты қауіпсіздік жастығын орнатуды жөн көрдім. Қандай да бір ақау шыққан жағдайда жастық ашылып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі, - деді Нұсрері Айтжан.

Оқушы көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Өркен Ақбаев, Құдабай Тастанбеков, Ерлан Райымбек және робототехника мұғалімі Айдос Арасаттың көмегімен су диірмені, суүсті көпірі сияқты өзге де ерекше жобалар жасап шығарған.

"Адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі": қызылордалық оқушы қауіпсіз лифт жобасын ойлап тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.