jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Бәсекелестер болған": Петропавлда бүтін бір отбасын өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

Петропавлда бүтін бір отбасы мүшелерін айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға қатысты аппеляциялық соттың үкімі шықты, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қанды оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған. Жерлеу рәсімімен айналысқан Приходченко отбасын екі ер адам балғамен ұрып, пышақпен бауыздаған. Артынша марқұмдардың барлық қаражаты мен бағалы заттарын қолды қылған. Ерлі-зайыпты мен олардың 17 жасар баласы оқиға орнында көз жұмды. Телеарнаның хабарлауынша, тергеу барысында аталған жанұяны олардың бәсекелестері өлтіргені белгілі болды.

"Бірінші сот инстанциясының шешіміне сәйкес Сергей Емельянов өмір бойына бас бостандығынан айырылсын. Оның сыбайласы Данил Орловтың бас бостандығынан айыру мерзімі 21 жыл 10 айдан 23 жылға дейін ұзартылсын. Ал Ирина Скоробогатованың жазасы 4 жылға дейін ұзартылсын", - деді СҚО сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы.

Жәбірленуші тарап соттың шешімен келіспейді. Олар қылмыскер жазадан жеңіл құтылды деп есептейді.

"Мен Скоробогатоваға қатысты соттың шешімімен келіспеймін. Менің отбасымды өлтіру бойынша жоспарды сол құрды. Бұл дәлелденген нәрсе. Ал Данил Орлов өмір бойына бас бостандығынан айырылу керек", - дейді марқұм ерлі-зайыптының қызы Татьяна Приходченко.

"Бәсекелестер болған": Петропавлда бүтін бір отбасын өлтірді деген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.