jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ұлытау облысында су қоймасынан жүздеген киік өлексесі табылды: әкімдік өкілдері жағдайды түсіндірді

киік өлексесі
Видеодан кадр: instagram.com/ulytau_oblysy

Кеңгір су қоймасынан табылған жүздеген киік ұшасына қатысты Ұлытау облысы әкімдігі өкілдері түсінік берді. Олардың айтуынша, киіктер қыстан шыға алмаған, сондай-ақ бұралқы иттердің шабуылынан өлген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ұлытау өңірінде аумақтарды қыста қырылған киік өлекселерінен тазалау жұмысы жүріп жатыр. Нәтижесінде Жезқазған қаласында 660-тан астам және Қаражал қаласында 2342 ақбөкен өлексесі табылып, жойылды.

Айта кетейік, Кеңгір су қоймасындағы мұздың еруіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жасақталған мамандарынан құралған бөлімшелер жұмылдырылды. Қыс айында және бұралқы иттердің шабуылынан өлген киік ұшаларын жинау жұмысы әлі де жалғасын табады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік өкілдері киік ұшалары мал қорымында жойылатынын айтады.

"Механикалық зақымдары жоқ. Арнайы ұшаларды жою туралы комиссия мүшелерімен акт толтырылып, қол қойылды", - дейді олар.

Ұлытау облысында су қоймасынан жүздеген киік өлексесі табылды: әкімдік өкілдері жағдайды түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.