RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Президент Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейінгі ахуалмен танысты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта тағы жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері Жамбыл облысында сезілген. ТЖМ бастапқыда жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқанын мәлім етті. Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысында жаңадан болған жер сілкінісі 5 баллға тең болғанын мәлімдеді. Одан бөлек премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісі болған Жамбыл облысына аттанды.

Бұған дейін Жамбыл облысында болған жер сілкінісі 28 наурызда 03:42-де тіркелген еді.

Жер сілкінісі Тараз, Шу қаласы мен бірақтар ауданда сезілген. Әсіресе Меркі (күші 5 балл), Құлан аудандарында (4 балл) қатты сезілген.

Кейін тұрғындар түнде болған жер сілкінісінің видеоларын бөлісті.

Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі командалық орталығының базасында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін өңірде қабырғасында жарық пайда болған ғимараттардың саны артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2231400-prezidentke-zhambyl-oblysyndagy-zher-silkinisinen-keiingi-ahual-baiandaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif