jitsu gif branding logo appbranding logo app

Сәуірдің басында елімізде күн райы қандай болады: синоптиктер болжам жасады

Қолшатыр ұстаған қыз
Қолшатыр ұстаған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады деп болжады. Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман түседі деп күтіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" өкілдерінің хабарлауынша, барикалық құрылымдардың өзгерісі Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болады.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін.

Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен күн ашық болады деп күтіледі.

Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді деп болжанады, таулы аймақтарда тұман болады.

Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температура 8-13 градустан 15-20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Оңтүстікте +18, +23 градустан 20-28 градусқа дейін ысиды, оңтүстік-шығыста 12-20 градустан 18-23 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр.

Ал шығыста + 5 +15 градус, ал батыста ауа температурасы +15 +25 градустан + 13 +22 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Бұған дейін берілген консультативтік ұзақмерзімді болжам бойынша наурыз-мамыр аралығында Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, нормадан 1-2 градус жоғары болады деп хабарланған, алайда ауа температурасы күрт суытатын кезеңдер де болатыны айтылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.