jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Түркістандық жастар 9 бала тәрбиелеп отырған отбасына баспана сыйлады (фото)

баспана
Баспана сыйлаған жастар. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласындағы "Бекзат" мөлтек ауданының 1994 жылы туған ер азаматтары көпбалалы отбасына баспана сыйлады. Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстың өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері ресми сайтында хабарлағандай, 9 перзент тәрбиелеп отырған Құрбанәлі Серікбайұлы мен Мөлдір Фархатқызы бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұрып келген. Мұндай қайырымды істің шарапатын көрген жанұя жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді.

баспана
Баспана. Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төрт бөлмелі баспананың лентасын қиып, кілтін табыстау ауыл ақсақалы Дәулеткерей Оспанов пен Олимпиада чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызына бұйырды. Қалалық мәслихат депутаттары Жандос Арыстанов, Жанбота Тағайбаев, ел ағалар Нұрғали Шерімбетов және Бағдат Қалмұрзаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін арнаған.

Бұдан бөлек Түркістанның 1988 туған азаматтары да Наурыз мерекесі қарсаңында бір отбасының баспаналы болуына себепші болған.

Айта кетейік, игі дәстүрдің арқасында осымен 18 отбасы баспаналы болып отыр.

Түркістандық жастар 9 бала тәрбиелеп отырған отбасына баспана сыйлады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.