jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Астана-Алматы": ҚТЖ сәуірде Тальго пойызының купе орындарына билеттерді 35%-ға арзандатпақ

пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Сәуір айында "Сәтті Сәрсенбі" акциясы аясында Астана мен Алматы бағытындағы "Тальго" пойызының купе орындарына билеттерді -35% жеңілдікпен алуға болады. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Билеттің бағасы – небәрі 13 919 теңге болады.

Акция шарттары:

  • №3/4 және №9/10 бағыттарындағы купе вагондарына -35% жеңілдік

Акция тек сәуір айының сәрсенбі күндеріне, яғни 2, 9, 16, 23 және 30 сәуірге сатып алынған билеттерге қолданылады.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан, теміржол вокзалдарындағы кассалардан немесе Android жүйесіндегі "Билет КТЖ" мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

"Сапарыңызды тиімді әрі ыңғайлы ету үшін "Сәтті Сәрсенбі" акциясын таңдаңыз!", - делінген "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның ресми хабарламасында.

"Астана-Алматы": ҚТЖ сәуірде Тальго пойызының купе орындарына билеттерді 35%-ға арзандатпақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.