jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әкімдік Астанада жылу қашан өшірілетінін хабарлады

Жылу беру маусымы
Жылу беру маусымы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жергілікті әкімдік Астанада жылуды өшірудің нақты мерзімін жария етпегенімен, мұндай шешім қандай ауа райы жағдайында қабылданатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы күнтізбелік бес күн ішінде тұрақты түрде плюс 10 °C және одан жоғары деңгейде болса, Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылу беру маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды", - делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетсек, былтыр Астанада жылу маусымы 19 сәуірде аяқталған болатын.

Ал Алматыда жылу 17 сәуірде өшіріліп, ең алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдени нысандар, содан кейін барып тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылудан ажыратылған еді.

Синоптиктер болса, алдағы 7 күнде, 31 наурыздан 6 сәуірге дейін Астанада өткінші жаңбыр жауып, күн 15 градусқа дейін жылынады деген болжам жасап отыр.

Әкімдік Астанада жылу қашан өшірілетінін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.