jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жеңістің 80 жылдығы: қорғаныс министрі ағаш отырғызуға бастау берді

Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан
Жеңістің 80 жылдығына арналған . Фото: gov.kz

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызуды бастап берді. Көгалдандыру акциясы Ұлы Жеңістің мерейтойына арналып отыр, деп хабарлайды ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отырғызылған көшеттердің бір бөлігі Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтитын мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ.

Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан
Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан. Фото: gov.kz

Акцияға парламент депутаттары, бас әскери прокурор әділет генерал-майоры Дастан Секенов, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Алматы қаласы әскери-тарихи мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, жергілікті әскери басқару органдарының, қалалық әкімдіктің, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және "Жас Ұлан" республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан
Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған экологиялық акция отандастарымыздың Жеңіске қосқан үлесіне деген құрмет деп атап өтті.

Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан
Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан. Фото: gov.kz

"Мегаполисте 80 түп ағаш отырғызылмақ. Жалпы Қарулы күштердің әскери бөлімдері бар әр гарнизонда осынша көшет отырғызылады. Осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетеміз", - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан
Жеңістің 80 жылдығына арналған науқан. Фото: gov.kz

Жеңістің 80 жылдығы: қорғаныс министрі ағаш отырғызуға бастау берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.