jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Еліміздің екі облысында елді мекендерді су басуы мүмкін: синоптиктер ескерту жасады

Су басу
Су басу. Көрнекі сурет: Edith Polverini/Getty Images

"Қазгидромет" ауа райына байланысты бірқатар өңір тұрғындарына ескерту жасады. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

1-4 сәуір аралығында Есіл өзенінің жоғарғы ағысынан бүйірлік салалардың келуіне байланысты Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында (Солтүстік Қазақстан облысы) су деңгейі көтерілуі ықтимал. Бұл ретте су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Соның салдарынан автожолдар, елді мекендер, тұрғын және шаруашылық құрылыстарға еріген қар сулары жайылып, су басуы мүмкін.

Ақмола облысында 1-4 сәуір аралығында күндізгі ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Жаңбыр түріндегі жауын-шашын түсіп, өзендердегі мұздардың еруі жалғасады. Салдарынан облыс өзендерінде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Су деңгейі қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Автожолдар, елді мекендер, тұрғын және шаруашылық құрылыстарға еріген қар сулары жайылып, су басуы мүмкін.

1 сәуірде Жетісу облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Еліміздің екі облысында елді мекендерді су басуы мүмкін: синоптиктер ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.