jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Автоматты 8 секундта шашып, жинай алатын жауынгер қыз туралы не білеміз (видео)

Жауынгер қыз қаруды шашып жинауда
Мадина Анарбаева қаруды шашып жинауда. Видеодан кадр: qazaqstan.tv

Жамбылдық жауынгер қыз Мадина Анарбаева автоматты 8 секундта шашып, жинай алады. Ол жастар арасындағы "Айбын" әскери-патриоттық сайысының жеңімпазы, деп хабарлайды Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

20 жастағы Мадина Анарбаева бір жарым жыл бұрын 63-563 әскери бөліміне келісімшарт негізінде жұмысқа қабылданған. Содан бері үздік жауынгерден үлгілі қызметкерге айналған.

Ол құжаттармен жұмыс жүргізуден бөлек, сапта жүруде мақтаулы маман. Әулиеата өңіріндегі әскери қызметтегі әйелдер арасында жеке рекорд иесі.

Мадинаның айтуынша, армия деген тек қана армияға барып, борышын өтеп келу емес, бұл халыққа қызмет ету.

"Біз тек қаламмен ғана отырып, штабта жұмыс істемейміз. Шап десе атпен де шабамыз, айда десе "Камазды" да айдаймыз. Біздің қыздардың барлығы да әрдайым жауынгерлік дайындықта. Армия деген тек қана армияға барып, борышын өтеп келу емес. Бұл – халыққа қызмет ету, Қазақстанның әскери саласына үлес қосу", - дейді әскери бөлімінің аға маманы Мадина Анарбаева.

Жауынгер қызда алда Астана қаласында өтетін Жеңіс күніне арналған ауқымды парадқа қатыспақ. Сондықтан қазір әріптестерімен бірге дайындық деңгейін пысықтап жатыр.

Автоматты 8 секундта шашып, жинай алатын жауынгер қыз туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.