jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Ерлан Төрегелдиев
Ерлан Төрегелдиев. Фото: ТЖМ ресми сайты

Төтенше жағдайлар министрінің бұйырығымен азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Төрегелдиев ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерлан Төрегелдиев 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Курчатов қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады. 

2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ТЖМ бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Мемлекеттік өртті бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасын басқарды. 2024 жылдан бастап осы комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.