jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы әуежайы қызметкерінің кепілге алынуы: азаматтық авиация комитеті басшысы мәлімдеме жасады

Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Азаматтық ациация комитетінің басшысы Алматы әуежайындағы қызметкердің кепілге алыну оқиғасынан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл авиациялық қауіпсіздікке қатысты. Тиісінше, барлық стандартқа сай келетін реттеуші бар. Авиациялық қауіпсіздік бойынша мұндай тексерістер бізде жыл сайынн барлық әуежайда жүзеге асырылады.

Иә, сіз айтып отырғандай заңнаманы қайта қарау жоспарланған (осы жайттан кейін - ред.ескертуі). Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр", - деді Салтанат Томпиева.

Сонымен бірге спикердің деректері бойынша қыркүйекте Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік жөнінде аудит жүргізу жоспарлап отыр.

"Біз жоғары нәтижені растап, авиациялық қауіпсіздік деңгейіне сай екенімізді көрсеткіміз келеді", - деп атап өтті ААК басшысы.

Еске сала кетейік, 7 наурызда Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам ағасы екенін айтты.

Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып, оны кепілге алған ер адамды ұстауға көмектескен Мұса Әбдірайым оқыс жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

Сол арада "Жігіттер" квартетінің продюсері Ерғали Әбдірайымов Әбдірайымов Мұса жайлы жазба жариялап, оны мақтан тұтатынын жасырмады.

8 наурызда Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттап, ақшалай сыйақы берді.

Алматы әуежайы қызметкерінің кепілге алынуы: азаматтық авиация комитеті басшысы мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.