jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Шұңқырларды құм-қиыршық тас қоспасымен толтырып жатыр": "Қазавтожол" желідегі пікірлерге қатысты жауап берді

жол
Қиыршық-құм тас төселген жол. Фото: t.me/qazavtojol

"Қазавтожол" өкілдері әлеуметтік желілерде шұңқырлардың құм-қиыршық тас қоспасымен толтырылып жатқаны туралы пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальтбетон зауыттары іске қосылмаған.

"Сол себепті ыстық асфальт төсеуге мүмкіндік жоқ. Жол жабындысын апатты күйде қалдырмау үшін жол қызметі уақытша шұңқырларды құм-қиыршық тас қоспасымен толтырып жатыр.

Бұл шара маусымаралық және қолайсыз ауа райы кезінде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Мұндай тәсіл жолдың одан әрі бұзылмауын алдын алады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының ықтималдығын төмендетіп, қозғалысты қауіпсіз етеді.

Ауа райы тұрақталып, асфальтобетон зауыттары іске қосылғаннан кейін асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары басталады", - делінген хабарламада.

"Шұңқырларды құм-қиыршық тас қоспасымен толтырып жатыр": "Қазавтожол" желідегі пікірлерге қатысты жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.