jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Су тасқынының алды алынды": Ақтөбе облысына барған әскери қызметшілер кері қайтты

техника
Арнайы техника. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің 58012 әскери бөлімі қызметшілері Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақталғаннан кейін кері қайтып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысына өткел салуға көмекке барған әскерилер өз миссиясын аяқтады.

"Құтқарушылар, әскерилер және жергілікті атқарушы органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында су тасқынының алды алынып, жағдай тұрақталды.

Осыған байланысты 58012 әскери бөлімінің бөлімшесі өз миссиясын аяқтап, тұрақты орналасу орнына оралады. Әскери қызметкерлер мен техниканы теміржол вокзалынан салтанатты түрде шығарып салды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін батыс өңірге аттанғанын хабарлаған едік.

"Су тасқынының алды алынды": Ақтөбе облысына барған әскери қызметшілер кері қайтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.