jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда шаңды дауыл тұрып, арты нөсерге ұласты (видео)

Шаңды дауыл
Шаңды дауыл. Кадр: t.me / kris_p_almaty_official

Бүгін Алматыда қолайсыз ауа райы болды - алдымен қатты жел соғып, кейін жаңбыр басталып, арты нөсерге ұласты. Бұған дейін синоптиктер дауылды ескерту жариялаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kris_p_almaty Telegram-арнасында оқиға куәгерлері түсіріп алған видеолар жарияланды.

Видеоның бірінен қатты дауыл тұрғанын байқауға болса, енді бірінде "Ақкент" ықшамауданында қатты жел соғып жатқаны байқалады.

Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертуге байланысты қала тұрғындары мен оңтүстік астананың қонақтарына үндеу жасаған болатын.

Құтқарушылар Алматыда 5 сәуірде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шығыстан қатты жел соғатынын, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жететінін ескерткен еді.

Сондай-ақ, 5-7 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады деген болжам жасалып отыр - өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Алматыда шаңды дауыл тұрып, арты нөсерге ұласты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.