Зектілері

"Қолыңды тарт!": АҚШ-та Трамп пен Маскқа қарсы ауқымды наразылық шаралары өтті (видео)

Жарияланған күні:

Трампқа қатысты АҚШ-тағы шерулер. Фото:
Трампқа қатысты АҚШ-тағы шерулер. Фото: : Evan Simko-Bednarski/Getty Images

Сенбі, 5 сәуір күні мыңдаған америкалық Дональд Трамп әкімшілігінің саясаты мен оның кеңесшісі Илон Маск кеңесшісінің әрекеттеріне қарсы наразылық науқанына шықты, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, сенбіде миллиондаған адам президент Дональд Трамп пен Илон Маскқа қарсы демократияшыл қозғалыс елдің 50 штаты мен әлем бойынша ұйымдастырған наразылық науқандарына қатысты.

АҚШ-тың 50 штатында және Колумбия округінде 1400-ден астам наразылық шарасын өткізу жоспарланып отыр. Шерулер Hands Off! ("Қолыңда тарт!) деген ұранмен өткізілген.

Наразылықтар штаттардың заң шығару, федералды мекемелер, конгрессмендер кеңселері және қала әкімшіліктерінің алдында өткізілген.

"Қолыңды тарт!" шерулерінің ұйымдастырушылары "билікті басып алған миллиардерлердің әрекетіне" тосқауыл қоймақ.

Трампқа қарсы науқандарға қатысу үшін 600 мыңға жуық адам тіркелген.

Ақ үй әзірге аталған шерулерге қатысты еш пікір білдірмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233520-qolyngdy-tart-aqsh-ta-tramp-men-maskqa-qarsy-auqymdy-narazylyq-sharalary-otti-video/