Зектілері

"Пышақ жарақаты, есінен тану": Ақтауда Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада 41 адамға көмек көрсетілген

Жарияланған күні:

Ақтаудағы мерекелік шараға жиналған қауым
Ақтаудағы мерекелік шараға жиналған қауым. Фото: Lada.kz/куәгерлерден

Ақтауда "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" деген атаумен өтіп жатқан ауқымды мерекелік шара кезінде ондаған адамға жедел жәрдем қажет болған. Тіпті бір адам пышақ жарақатын алғаны белгілі болды. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымға бұл деректі Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері айтқан. Станция басшылығының сөзінше, мереке кезінде жедел жәрдем қызметкерлері барлығы 41 адамға көмек көрсеткен.

"Негізінен есінен тану көп болды, бір адам пышақ жарақатымен жүгінді, бір инсульт және бір жүрек ритмінің бұзылуы жағдайы. Біздің қызметкерлер алдын ала диагноз қойып, пациенттер ауруханаға жөнелтілді", - деп мәлім етті медициналық мекеме қызметкерлері.

Пышақ жарақатын алған пациентті медициналық мекеме қызметкерлері тексерістен өткізіп, кесілген жара диагнозымен көмек көрсеткеннен кейін үйіне амбулаторлық ем алуға жіберген. Ал алдын ала инсульт диагнозы қойылған пациентке "Нейроциркулярлық дистония" диагнозы қойылып, ол да тексеруден соң үйіне жіберілген.

Айта кетелік, аталған шараға 100 мыңға жуық көрермен жиналды. Шарада белгілі әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2233559-pyshaq-zharaqaty-esinen-tanu-aqtauda-dimash-qudaibergen-qatysqan-merekelik-sharada-41-adamga-komek-korsetilgen/