jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы облысында тұрғын үйден екі жылан табылды (видео)

жылан
Жылан. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысы Алатау қаласына қарасты "Энергетик" саяжайында тұрғын үйден екі жылан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Алматы облысы Алатау қаласы "Энергетик" саяжайының тұрғыны 112 пультіне үйінде бауырмен жорғалаушылар жүргенін айтып қоңырау шалған.

"Құтқарушылар жедел келіп, арнайы құралдың көмегімен екі рептилияны ұстап алып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен алыс қауіпсіз жерге жіберді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін дейді олар.

Алматы облысында тұрғын үйден екі жылан табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.