jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Екібастұз Төтенше жағдайлар басқармасының бастығына сот үкімі шықты

Судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: Andrey Popov / Getty Images

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.

Куконев пен Майманов Жұмашевтен өз кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін бірнеше рет жалпы сомасы 7,4 млн теңгені құрайтын пара алғанына кінәлі деп танылды", - делінген Антикор таратқан хабарламада.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылған.

Сонымен қатар Куконев "азаматтық қорғаныс полковнигі", Майманов "азаматтық қорғаныс майоры" арнайы атағынан айырылған.

Сот актісі заңды күшіне енбеген.

Екібастұз Төтенше жағдайлар басқармасының бастығына сот үкімі шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.