Зектілері

Астанада көше учаскесі бірнеше айға жабылады

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Күйші Дина көшесіндегі учаске бірнеше айға жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Күйші Дина көшесіндегі құрылыс жұмыстарын бастайды.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі "Мирас" мектебінен М.Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.

Осы орайда әкімдік өкілдері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды, өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер қойылады.

жабылатын учаске схемасы
Жабылатын учаске. Схема: Астана әкімдігінің ресми сайты

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін 1 айға жабылатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234063-astanada-koshe-uchaskesi-birneshe-aiga-zhabylady/