jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мәдениет саласының үздігі, қазақстандық дирижер өмірден өтті

Маралжан Мырзақұлова
Марқұм Маралжан Мырзақұлова. Фото: instagram.com/kaztheatre

Мәдениет саласының үздігі, талантты дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлайды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі.

"Қадірлі әріптесіміз! Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұлағатты ұстаз, "Мәдениет саласының үздігі" Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Маралжан Мырзақұлова өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары да марқұманың нағыз маман, талантты жан, жақсы адам болғанын жазып, қазасына байланысты қайғыра көңіл айтып жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.