jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі

LRT тіреуіштері
LRT тіреуіштері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысын ұйымдастыру бірнеше аптаға өзгереді, деп хабарлайды City Transportation Systems (CTS) компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

СTS компаниясының Instagram парақшасында хабарланғандай, LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарына сәйкес, Ш. Қалдаяқов көшесіндегі жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі:

  • 10 сәуірден 25 сәуірге дейін - инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарын жүргізуге байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша, Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалысты толық жабу жоспарланып отыр.
  • 10 сәуірден 10 маусымға дейін – LRT объектісі жолының жоғарғы құрылымының элементтерін төсеу үшін парапеттер мен бетон негізді құю жұмыстарын жүргізуге байланысты Ж. Нәжімеденов көшесінен (И. Панфилов көшесі) Арыс көпірі бағытындағы қарсы қозғалыс жолағына шығатын екі жолаққа дейінгі қозғалыстар ішінара шектеледі және Сығанақ көшесі жағынан қозғалатын көлік үшін бұрылу жолағын сақтай отырып, Арыс көпірінен Ж.Нәжімеденов көшесі (И.Панфилов көшесі) бағытында бір жолаққа дейін қысқарту жүргізіледі.

"Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.