jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық мөлшерін азайту жоспарланып отыр

автокөліктер
Автокөліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжілісте Салық кодексінің жобасын қарау барысында 10-20 жыл бұрын шыққан ескі көлік иелеріне салынатын салықты азайту жоспары туралы айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"10 жылдан асқан көліктерге салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқан көліктерге салық мөлшері 50 пайызға төмендетіледі", - деді мәжілісте ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, Қазақстанда кей қымбат тауарлар үшін салық мөлшерлемесі артады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады.

Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.