jitsu gif branding logo appbranding logo app

"10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек": ІІМ өкілдері желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Жүргізуші куәлігі алып жатқан адам
Жүргізуші куәлігі. Көрнекі фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

Желіде 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені және сол күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы қауесет тарады. Ішкі істер министрлігі өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан талап етілетін құжаттар тізімін келтірді. Олар:

  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
  • мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.

Сондай-ақ куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, жол жүру ережелері бойынша жүргізуші куәлігін ауыстырарда емтихан тапсыру талап етілмейді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.