jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Лев Тараков
Лев Тараков. Фото: time.kz

Танымал қазақстандық журналист, "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков 59 жасында дүниеден озды. Марқұмның қазасына байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі азамат, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын.

Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді.

Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын.

Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін.

Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

KAZ.NUR.KZ редакциясы да Лев Тараковтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Танымал қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.