jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда қандай автожолдарда орташа жылдамдықты бақылайтын кешен енгізілді

Ақылы автожол
Ақылы автожол. Көрнекі фото: Jose A. Bernat Bacete/Getty Images

Елімізде республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:

  • Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
  • Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
  • Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
  • Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
  • Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);
  • Орал – РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);
  • Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).

"Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдарды алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап орташа жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл салуды көздейтін заң күшіне енді. Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушіге қатысты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.