Зектілері

Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс бұдан әрі де Талдықорғанда қаралады

Жарияланған күні:

судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Марқұм Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс Талдықорған қаласында жалғасады. Тараптардың бірі судьяға сот отырысын Алматы облысы Қарасай аудандық сотының ғимаратында өткізу туралы өтінішхатпен жүгінген. Сот қаулысымен сот процесі одан әрі де Талдықорғандағы Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін соттың алдын ала тыңдауында іс бойынша тараптардың бірі судьяға ауызша өтінішпен жүгінді.

"Мен және менің әріптестерім Қылмыстық-процестік кодекстің 314-бабын басшылыққа ала отырып, сот процесін қылмыстың болған жеріне, яғни Қаскелең қаласында қарауды ауызша сұраймыз. Жазбаша түрде өтініш жолдаймын. Жалғыз мен емес, біріншіден Талдықорғанға қатынау да шығын. Менің әріптестерімнің көпшілігі қалада тұруына байланысты Қарасай аудандық сотында қарауды сұраймын", - деді сот отырысында тараптардың бірінің қорғаушылары.

Бұл өтініш хат бойынша судья сотталушылардың Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыруына байланысты іс әрі қарай да Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында өтетінін қаулы етті.

"Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ. Сотталушылар тергеу изоляторында отыруы қажет. Қазіргі таңда №71 мекемеде күзетпен ұстауда. Сондықтан Қарасай аудандық сотының ғимаратында сот отырысын өткізу мүмкіншілігі жоқ. Сот отырысын Талдықорған қаласында, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өткізу туралы қаулы етемін", - деді іс бойынша сот процесіне төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2234703-sherzat-bolattyng-qazasyna-qatysty-is-budan-ari-de-taldyqorganda-qaralady/