jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Балаларды терезесі ашық бөлмеде қалдырмаңыз: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігі балаларға қатысты қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, талдау нәтижелеріне сай балалардың жиі жарақат алуына көбінесе терезеден құлауы себеп болады. Мұндай жағдайлар әсіресе қалаларда жиі кездеседі.

Күн жылына бастаған соң жазатайым оқиғалар қаупі де артады.

Осы уақытқа дейін елімізде балалардың терезеден құлауы бойынша 13 факті тіркелген, бір бала мерт болып, 12-сі түрлі жарақат алған.

"Мұның басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы және олардың ашық терезелерге жақын болуы", - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рүстем Жүсіпбеков.

Оның айтуынша, жазатайым жағдайларға жеті жасқа дейінгі балалар ұшырып жатады.

Осы орайда полиция қызметкерлері жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ата-аналарға қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады:

  • баланы ешқашан терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау;
  • тиісті қорғаныссыз москит торларын пайдаланбау;
  • бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнату;
  • баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алыс қою;
  • терезе торларын орнату.

Балаларды терезесі ашық бөлмеде қалдырмаңыз: ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.