jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте жаңа университет ашылады

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашылады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы жұртшылықтың Шымкент қаласында Мәдениет және өнер университетін ашу жөніндегі ұсынысын қолдаған.

Сондай-ақ қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берген.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Бірқатар нысанның жұмысымен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті қауым алдында сөз сөйледі.

Жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде президент әлем бетпе-бет келіп отырған жаңа сын-қатерлерге, сондай-ақ жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді.

Шымкентте жаңа университет ашылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.