Зектілері

Instagram желісінде қазақстандық орындаушылардың әндері пайда болды

Жарияланған күні:

Instagram қолданбасы
Instagram қолданбасы. Фото: Mateusz Slodkowski/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Қазақстандық қолданушылар Instagram желісінде отандық орындаушылардың музыкасын қайтадан пайдалана алатын болды, деп хабарлайды Kazinform.

Басылымның хабарлауынша, Әділет министрлігі Instagram желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкасының пайда болуына қатысты жағдайға түсінік берген.

"Иә, бүгінде Instagram желісінде жекелеген қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық туындылары пайда болды. Instagram желісіндегі музыкалық мазмұнға қол жеткізу Meta платформасының ішкі саясатына және авторлық құқық иелерімен жасалған келісімдерге сәйкес мерзімді түрде жаңартылатынына назарларыңызды саламыз. Meta ұжымдық негізде құқықтарды басқаратын ұйыммен ғана емес, авторлар мен орындаушылармен немесе олардың өкілдерімен тікелей келісім жасауға құқылы. Осыған байланысты бұл Meta-мен тікелей келісімге отырған авторлық құқық иелерінің шығармалары деп санаймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандық орындаушылардың музыкалары жоғалып кетті.

Кейін Қазақстан авторлық қоғамы отандық музыка Instagram-нан неге жоғалып кеткенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2235090-instagram-zhelisinde-qazaqstandyq-oryndaushylardyng-anderi-paida-boldy/