Абай облысында полиция қызметкері көз жұмды
Опубликовано:
Абай облысында полиция кіші сержанты Айдос Айдарханұлы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
"Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз", - деп жазды полиция бастығы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2235306-abai-oblysynda-politsiia-qyzmetkeri-koz-zhumdy/