Алматылық оқушылар NASA ұйымдастырған халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
Жарияланған күні:

Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы ұйымдастырған халықаралық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған жыл сайын өткізілетін халықаралық байқау. Ол оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысты.
Алматылық 9 сынып оқушылары Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет YURT жобасын ұсынып, бірінші орынды иеленді. Команда Юпитердің орбитасымен қозғалып, оның Ганимед және Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш станциясының жобасын таныстырған.
Станция 30 мыңға жуық адам тұруға арналған, жасанды гравитация жүйесімен және толықтай дербес тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталған.
Тағы бір қазақстандық команданың "Икарус" жобасы өз қатарластарының арасында (8 сынып) екінші орынды иеленді. 45 мың тұрғынға арналған Ганимедтің төменгі орбитасында орналасқан ғарыш станциясын құрастырушылар - Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин, Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан, Бақыт Аслан. Жетекшілері — 12 сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2235506-almatylyq-oqushylar-nasa-uiymdastyrgan-halyqaralyq-baiqauda-zhengimpaz-atandy/