jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Тіркеліп үлгеріңіз": ҚМДБ қажылыққа байланысты үндеу жасап, лицензиясы бар туроператорлардың тізімін жариялады

Қағба
Қажылық. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылыққа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мүфтияттың мәліметінше, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарды кезең-кезеңге бөліп, нақты мерзімдермен белгілеген.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 18 сәуірі қажылық визасын рәсімдеудің соңғы күні болып бекітілген.

"Осыған орай, ҚМДБ отандастарымызды 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы үлкен қажылық сапарына жазылу қажеттігін ескертеді.

Себебі 18 сәуірден кейін қажылық визасын рәсімдейтін электронды портал жабылып қалса, қажылыққа ниет еткен ҚР азаматтарының құлшылық сапарына бара алмау қауіпін алға тартады.

Сонымен қатар биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызды лицензиясы жоқ, қажылық орындары берілмеген турфирмалар мен жеке адамдарға жазылмауға және заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз", - делінген ҚМДБ хабарламасында. 

туроператорлар тізімі
Туроператорлар тізімі. Фото: muftyat.kz

"Тіркеліп үлгеріңіз": ҚМДБ қажылыққа байланысты үндеу жасап, лицензиясы бар туроператорлардың тізімін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.