Зектілері

55 жасқа қараған шағында қазақстандық танымал қаржыгер өмірден өтті

Жарияланған күні:

Ерлан Бурабаев
Ерлан Бурабаев. Фото: "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ

55 жасқа қараған шағында "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бурабаев өмірден өтті, деп хабарлайдың қордың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ерлан Өмірзақұлы – өзінің кәсіби өмірін қаржы нарығын дамытуға, қаржы тұрақтылығын нығайтуға және Қазақстан Республикасының сақтандыру секторын қалыптастыруға арнаған көрнекті қаржыгер еді.

Оның жоғары кәсібилігі, стратегиялық ойлауы және экономикалық процестерді терең түсінуі әріптестері, серіктестері және кең кәсіби аудитория арасында лайықты құрметке ие болды.

Оның көшбасшылығы мен сараптамалық тәсілінің арқасында сақтандыру және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі саласындағы шешуші бастамалар жүзеге асырылып, елдің қаржы жүйесіне азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етті.

Ерлан Өмірзақұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Орны толмас қазаға байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Қордың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерлан Бурабаев 2024 жылғы 28 наурызда "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ басқарма төрағасы болып сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2235611-55-zhasqa-qaragan-shagynda-qazaqstandyq-tanymal-qarzhyger-omirden-otti/