jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Үйленгендердің дені 20-24 жас аралығында: былтыр Қазақстанда ең көп неке қай өңірлерде тіркелген

неке сақинасы
Неке сақинасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелген. Заңды некеге тұрғандардың дені Астана қаласынан, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13.

Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70. Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады", - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.

Былтыр үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған. Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас. Жалпы қиылған некенің 18,2 пайызы – аралас неке.

Некеге тұрған қыздардың 41 пайызы, ерлердің 38 пайызы жоғары білімді болған.

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).

некеге тұру коэффициенті
2024 жылғы некеге тұру коэффициенті. Фото: Ұлттық статистика бюросы

Үйленгендердің дені 20-24 жас аралығында: былтыр Қазақстанда ең көп неке қай өңірлерде тіркелген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.