jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Тоқаев маңғыстаулық құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады (фото)

Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады
Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады. Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, оларға атқарған еңбегі үшін марапат табыстады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

"Әділетті Қазақстанды құру және "Заң мен тәртіп" қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады
Тоқаев құқық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттады. Фото: Aqorda

Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін", – деді президент.

Президенттің Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі "Айбын" ордені, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдары тапсырылды.

Тоқаев маңғыстаулық құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.