"Бай команда "кедейді" жеңді": Самат Смақов отандық футбол командалары туралы жанайқайын жеткізді
Жарияланған күні:

19 сәуірде ҚПЛ-2025 футбол матчы аясында Шымкентте "Ордабасы" мен "Жетісу" (Талдықорған) командалары кездесті. Матчтан кейін "жетісулықтардың" бас бапкері Самат Смақов кәсіби футболдың даму деңгейіне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Самат Смақов өзінің мәлімдемесін Instagram парақшасында жеткізген.
Қазақстан құрамасының бұрынғы аты аңызға айналған футболшысы аталған матчтың төрешілер бригадасын сынға алып, сондай-ақ футболдың дамуы тұрғысында Орталық Азиядағы көршілерімізді мысалға келтірді.
"13 адамға қарсы ойнау өте қиын. Мен ешқашан төрешілер мәселесін қозғаған емеспін, бірақ бүгін таза шектен шығу болды. Бізді бағалаған төреші төрешілер департаментінің жетекшілерінің бірі және өзін осы матчқа өзін-өзі тағайындап алған. Былай дейінші: "Жағасына жармасатын адамды тапқан екенсіздер".
Мен бәрін айтамын, үнсіз қала алмаймын. Біздің футбол қайда бара жатыр?.. Өздеріңіз көріп отырғандай, жыл сайын нашарлап барады. "Ордабасы" – ең бай командалардың бірі, ол бүгін ең кедей команданы жеңді. Түсіндіңіздер ғой...
Қайдағы Әлем чемпионаты, қайдағы Еуропа? Мынандай түрімізбен ол жаққа ешқашан іліне алмаймыз, әсіресе осындай бассыздықтарға жол беріліп жатқанда. Менің наразылығымның ойыншыларға түк қатысы жоқ, ол басқа адамдарға, тағайындаушыларға және жоғары басшыларға қатысты. Қараңдаршы көрші өзбектерді, олар бізден 15 жылға алға шығып кетті, ал тәжіктің жасөспірімдері "әлемдікке" барады. Ал біз болсақ, баяғы батпағымызда малшынып, батып жатқанымыз сол", - деді "Жетісу" командасының бас бапкері Самат Смақов.
Матчтың өзіне келетін болсақ, Шымкент командасы жеңіске жетті (1:0) және ҚПЛ-2025-тегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Оңтүстік ойыншылары бес ұпаймен, турнир кестесінде тоғызыншы орынға төменге сырғыды.
Сонымен қатар, 19 сәуірде Қостанайда Қазақстан чемпионатының бесінші турының басты матчы өтіп, "Тобыл" "Ақтөбені" 2:0 есебімен жеңді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237424-bai-komanda-kedeidi-zhengdi-samat-smaqov-otandyq-futbol-komandalary-turaly-zhanaiqaiyn-zhetkizdi/