jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкенттік оқушы шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Студент қыз
Студент қыз. Иллюстрациялық фото: : Mariia Vitkovska / Getty Images

Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Алина Есенгелдиева шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Бұл туралы Шымкент әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алған.

"Мен еңбек нарығында сұранысқа ие биомедициналық инженер мамандығын таңдадым. Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл да іріктеудің бір бөлігі. Алғашқы нәтижелер наурыз айында белгілі болды", - дейді Алина Есенгелдиева.

Алина шақырту алған университеттер тізімі: Iowa University, College of the Atlantic, American University, University of Massachusetts Amherst, Loyola Marymount University, University of the Pacific, Michigan Tech, Clarkson University, Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы), Clemson University.

Алина Есенгелдиева
Алина Есенгелдиева. Фото: Шымкент қаласы әкімідігі

Айта кетейік, бұған дейін арыстық оқушы Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен шақырту алған еді.

Шымкенттік оқушы шетелдік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.