jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Қауіпті ойын ойнаған": Ақтауда оқушы қыз есінен танып қалды

жасөспірімдер
Жасөспірімдер. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтауда оқушы қыздар қауіпті ойын ойнап, оны видеоға түсірген. Кадрлардан қыздардың бірі есінен танып, құлаған сәтін байқауға болады. Облыстық білім басқармасы өкілдері мектепте болған жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі quqyq_zhane_shyndyq парақшасында Ақтаудағы мектептердің бірінде әжетханада түсірілген видео жарияланды.

"Ақтау қаласында 7 сыныпта оқитын қыздар түсініксіз қауіпті ойын ойнап, оны видеоға түсірген", - делінген видео сипаттамасында.

Кадрда оқушы қызды басқа үш қыз кеудесінен басып тұрғанын, кейін оқушы есінен танып, құлағанын байқауға болады.

Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының білім басқармасы түсінік берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай 18 сәуірде болған.

"Бұл оқиға Ақтаудағы мектептердің біріндегі қыздар әжетханасында тіркелді. 7 сынып оқушысының кеудесін қысып, физикалық қысым көрсеткен", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына профилактикалық және психологиялық жұмыстар жүргізілген.

"Сонымен қатар бұл оқиғаны Ақтау қалалық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі арнайы комиссия қарайды", - деп атап өтті басқарманың баспасөз қызметі.

Ақтау қалалық білім бөлімі де мектеп директорына қатысты тәртіптік шара қолданған.

"Қауіпті ойын ойнаған": Ақтауда оқушы қыз есінен танып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.