Зектілері

Жазушы Әкім Тарази дүниеден озды

Жарияланған күні:

Әкім Тарази
Әкім Тарази. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази (Әкім Әшімов) өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабарды Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мирас Асан желідегі парақшасында жеткізді.

"Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады... Классик қаламгер Әкім Тарази ағамыз бақиға бет бұрыпты... Барша қаламгерге, көзіқарақты оқырман қауымға, ең әуелі жан жары Роза апамызға көңіл айтамын. Ағамыздың иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазды Мирас Асан Facebook желісінде.

Әдебиет порталындағы мәліметке сүйенсек, Әкім Тарази (Әкім Үртайұлы Әшімов) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.

1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.

1962 жылы "Литературный газет" (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі;

1964 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында, бас редактор;

1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.

1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі;

1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы;

1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі;

1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы;

1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры;

2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі қызметін атқарды.

Әкім Таразидың алғашқы шығармалар жинағы – "Ақбердінің ауласы", "Бұлтқа салған ұясын", "Тасжарған" романы, "Қорқау жұлдыз" романы, "Шер", "Қиянат", "Мұстафа Шоқай", "Тәж", "Жаңбырлы түндер" романдары.

Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: "Тұлпардың ізі", "Арман атаман", "Қараш-қараш", "Мұстафа Шоқай".

Қазақ театрларының сахнасындағы драматургиялық шығармалары: "Күлмейтін комедия", "Жақсы кісі", "Жолы болғыш жігіт", "Ақын, періште, махаббат", "Індет", "Махамбет", "Лайнер", "Үкілі жұлдыз", "Қыз махаббаты" және тағы басқа. Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.

1994 жылы "Құрмет белгісі" ордені, 1997 жылы "Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері" мемлекеттік наградалармен,1999 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага) атағына ие болды, 2015 жылы "Отан" ордені мемлекеттік наградамен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2238087-zhazushy-akim-tarazi-dunieden-ozdy/